Ашхабадта түрікмен-иран көрмесі өтті

Ұлттық дәстүрлер мен қазіргі заманғы техникалардың симбиозы. Ашхабадта түрікмен-иран сән киімдерінің көрмесі өтті. Әсіресе кесте және шыны моншақтармен безендірілген сәнді әйелдер киімдері келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. 

Сонымен қатар, қонақтарға арнайы шеберлік сағаттары өткізілді. Осылайша олар он саусағынан өнер тамған қолөнершілердің құпияларын ашуға мүмкіндік алды. Көрме түрікмен және иран шеберлерінің шығармашылық әлеуетін көрсетіп қана қоймай, тәжірибе алмасу, екі ел арасындағы тығыз мәдени байланыстарды нығайту алаңына айналды.

Навид Расули, Иран Ислам Республикасының Түрікменстандағы мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі:

– Көрмеде Түрікменстанның тоқыма өнеркәсібінде жұмыс істейтін қолөнер шеберлері өздерінің түрлі ұлттық, көне тәсілдермен орындалған жұмыстарын көрсетеді. Бұл ұлттық киімдердің барлығы түрікмен-иран халқының ежелгі тамырының бірлігі іспеттес. Біз мұндай көрмелердің жоғары деңгейде өткізіліп отырғанын мақтан тұтамыз және оларға түрікмен халқының шынайы қызығушылығын көріп отырмыз.