Қазақстан картасында жаңа қала пайда болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда іргесіндегі Қосшы ауылына қала мәртебесін беру туралы Жарлыққа қол қойды. Осылайша, Қосшы ауылы енді облыстық маңызы бар шаһарға айналды.
Айта кетейік, ресми дерек бойынша Қосшыда қазір 50 мыңнан астам адам тұрады.