Қазақстан авиациялық хабтарды дамытуда

Қазақстан авиациялық хабтарды дамытуда

Қазақстан жаңа жылда авиациялық хабтарды дамытуды жалғастырады. Астана және Шымкент әуежайларында екінші ұшу-қону жолақтарының құрылысы басталады. Ал, Алматы мен Ақтауда терминалдар қайта жаңғыртылады. Бұған қоса, 2026 жылы Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне халықаралық бағыттар желісін кеңейту көзделген. Сондай-ақ, биыл Орталық Азия мен ТМД аумағында жаңа рейстер ашу жоспарланған. Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева атап өткендей, бұл шаралар еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтуға, әуетасымалдардың сапасы мен өңірлердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Салтанат Томпиева, ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы:


- Астана және Шымкент әуежайларында екінші ұшу-қону жолақтарының құрылысы басталады, Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалы қайта жаңғыртылады, сондай-ақ Ақтау әуежайының перронына күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар, өңірлік жобалар да жүзеге асырылып жатыр. Яғни, Атырау қаласы әуежайының жаңа терминалын салу және Павлодар қаласының әуеайлағын қайта жаңарту көзделіп отыр. Мемлекет басшысының туристік бағыттардың көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету тапсырмасы шеңберінде Қатон-Қарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында әуежайлардың құрылысын аяқтау, сондай-ақ Арқалық қаласының әуежайын қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, 2026 жылы ICAO-мен бірлесе азаматтық авиацияның Бас жоспары әзірленіп, саланы 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы дайындалады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?