Allur автосалондарға келу рекордын жаңартты

Allur рекорд жаңартты. Жеңілдетілген автонесиелеудің жаңа  бағдарламасы іске қосылған алғашқы күннің өзінде елорда мен Алматыда орналасқан дилерлік орталықтарына 4 мыңнан астам клиент келді. Компания өкілдерінің айтуынша, барынша жабдықталған бұл орталықтар су жаңа темір тұлпар иемденуге ниетті азаматтардың барлығына сапалы қызмет көрсетуге сақадай сай. Қазір мүнда  4 мыңға тарта автокөлік бар. Бұған қоса, «Сарыарқа Авто Пром» зауытында тұрған тағы үш жарым мың көлік өңірлерге жөнелтуге дайын. Алдағы айда 7 мыңға жуық автокөлік шығару жоспарланған. Жаңа бағдарламаның қазақстандықтар үшін маңызын сұраныстың күрт артуынан байқауға болады, дейді компания өкілдері.

Таир және Алёна Абсаленовтар, тұтынушылар:

– Өте қуанышты әрі олжалы тәжірибе болды. Біз кеше кезекте тұрған едік. Бүгін төлем шотын алдық.

Серік Оразбаев, тұтынушы:

– Сағат 10: 30 – да бізге қоңырау шалып «Сіздің сұрауыңыз мақұлданды, бізге келіп  өтініш жаза аласыз» деді. Енді міне 17 мамыр 2022 жылғы  1301-ші нөмірі бар төлем шоты қолымызға тиді.  Біз Киа Соул көлігін рәсімдедік. Өтінішіміз құпталғанына өте қуаныштымыз.

Қайрат Бекпенбетов, тұтынушы:

– Бүгіннен бастап бұл мәселе ретке келтірілді. Яғни халыққа қажетті кеңестер беріліп жатыр.  Азаматтар кезекке тұрып қалаған көлік үлгісін  таңдайды кейін құжаттық рәсімдеу үрдістері жасалады. Бағдарламаның шарттары орындалып, жұмыс істеп тұр.

Қазақстандықтарға 4% мөлшерлемемен 10 миллион теңгеге дейін автонесие рәсімдеу үшін бастапқы жарнаның қажеті жоқ.  Алайда 15 миллион теңгеге дейінгі көліктер қосымша төлем шартымен қол жетімді.

 

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов