Александр Недовесов үлкен теннистен өтіп жатқан жарыстың ширек финалына шықты. Astana Open сериясындағы турнирдің жұптық сындағы алғашқы матчтары өтті. Қазақстанның ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Недовесов Эквадор өкілі Гонсало Эскобармен бірге аргентиналық Себастьян Баэс пен испаниялық Бернабе Сапата Миральеске қарсы ойнады. Бұл тартыста алғашқы жұптың мысы басып, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Олардың кезекті қарсыластары кейінірек анықталады. Қазақстандық теннисші өз еліңде ойнау екі есе жауапкершілікті талап ететінін айтады. Сондықтан тек жеңістен дәмелі. Кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында Александр Недовесов жұптарында көшбасшының жоқтығын, екеуініңде тең өнер көрсетіп жүргенін атап өтті.
Александр
Недовесов, теннисші, (Қазақстан):
- Біз
позицияларымызды оңай алмастыра аламыз. Бір-бірімізге жақсы бейімделіп алдық. Арамызда
біреуіміз көшбасшымыз деп айта алмаймын. Біздің артықшылығымыз да осында деп
білемін. Бұны ойын барысында көруге болады. Басқа жұптар сынды біреуі бірін
қорғап жүру деген жоқ. Бір-бірімізді қолдауп үндестікте жұмыс істейміз. Әрине
бұл ең алдымен жұбымызда орнаған сенімділіктің арқасы деп ойлаймын. Яғни, өзара
түсіністігіміз жақсы.