Ақтөбеде қойдың жүнін пайдаланудың жаңа тәсілі ойлап табылды. Нақтырақ айтсақ, мал жүнінен үйді жылытуға арналған материал шығару жоспарлануда. Шикізат италия технологиясы бойынша өңделеді. Бірегей өндіріс шетелдік инвесторлардың қолдауымен жүзеге асырылмақ. Жоба құны шамаман 10 млн доллар.
Ерлан Жаңабергенов, кәсіпорын директоры:
– Мемлекет тарапынан әрине қолдау бар. Мәселе мынада, бізде жүнның бастапқы өңделуі ауыл шаруашылығы министрлігіне қарайды, ал оның кейінгі өңдеу жұмыстары, өңдеу өнеркәсібі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қарауында. Олардың бізге ұсынатын субдикцияланған несие беретін мемлекеттік қолдау бағдарламалары бар.
Өңірдің барлық аудандарында қой жүнін жинау пункттері ашылады. Сарапшылардың айтуынша, жобаны іске асыру үлкен әсерін тигізуде, мысалы отандық фермерлер өз шикізаттарын өткізе алады. Жыл сайын аймақта үш жарым мың тоннаға дейін қой жүні жиналады. Сондай-ақ, жануарлардың терісі де өңделеді, олардан желатин өнімін шығару жоспарланып отыр.
Панабек Бимұратов, Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
– Жиналатын жүн сатылмағандықтан, шаруа қожалықтары малдың етін сатумен ғана айналысып келеді. Оны кәсіпке айналдырған. Еділбаев тұқымы, қазақтың құйрықты тұқымды қойлары жиі өсіріледі, цигай тұқымының саны тіпті аз.
Дайын өнімның бірінші партиясын келесі жылы алу жоспарлануда. Жаңа өндірістің іске қосылуына байланысты тұрақты жұмыс орындары пайда болып, аудандарда жүнді өңдеп шығаратын орталықтар ашылады.