Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады. Кездесуде қазақы ит тұқымдарын сақтау және тұрақты генетикалық қорын қалыптастыру ісінде ынтымақтастық әлеуеті талқыланды. Жүйелі жұмыс нәтижесінде бүгінде Қазақстан кинологтар одағының Бірыңғай асыл тұқымды иттер кітабында 4 мыңға жуық тазы тіркелген. Тиісті заңнамалық актілер қабылданды. Көп ұзамай Жетісу өңірінде ит асыраушыларға ғылыми-кинологиялық қолдау көрсететін Ұлттық орталық ашылмақ. Биылдан бастап елімізде 3 қыркүйекте тазы мен төбет күні аталып өтеді. Өз кезегінде Тамаш Яккель қазақы ит тұқымдарын сақтауға айрықша қамқорлық көрсетіп отырған Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді. Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Яккельді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Тамаш Яккель, Халықаралық кинология федерациясының президенті:
- Мен Қазақстандық кинологтар одағының жұмысын атап өттім
- жас, өршіл, елеулі нәтижелерге қол жеткізген команда. Атап айтқанда, олар
Қазақы тазы тұқымын халықаралық деңгейде
танылуына септесті. Президент қазақы ит тұқымдарының бабын біліп, оларды
сақтауға айрықша қамқорлық көрсетіп отырғанын байқадым. Біз Тазы тұқымын
түпкілікті тану үшін не қажет екенін талқыладық. Оған шамамен әлі 8 жылға жуық
уақыт керек.

