Абай облысында 100-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Абай облысында 100-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Абай облысында инвестиция тарту жұмысы қарқын алды. Салымдар көлемі 19% астам артқан. Мемлекет басшысына облыс әкімі Берік Уәли өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Жалпы инвестициялық пулға кіретін жобалар саны 29-дан 112-ге дейін ұлғайды. Олардың құны да екі есе өсіп, 4 трлн теңгеден асқан. Ірі инвестициялық жобалар қатарында «Аягөз – Бақты» теміржол желісінің құрылысы, Семей қаласында жаңа жылу электр орталығы мен тау-кен байыту комбинатын салу бар. Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс орталығында арнайы экономикалық аймақ құру жұмыстары туралы да мәлімет берілді. Онда құны 400 млрд теңгені құрайтын өндірістік жобаларды жүзеге асыру көзделген. Ал Алакөл туристік аймағын дамыту аясында жағалау инфрақұрылымын жаңғырту, сондай-ақ Үржар әуежайының терминалын реконструкциялау қарастырылған. Кездесу соңында Мемлекет басшысы өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту және «Абайға құрмет» акциясын лайықты деңгейде жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?