6-7 қаңтарға қараған түні қазақстандықтар бүкіл православие
әлемімен бірге Рождество мерекесін қарсы алады. Дүниежүзінің христиан дінін
ұстанушылар Иса Пайғамбар дүниеге келген күнді атап өтеді. Таңсәріден
ғибадатханаларда мерекелік қызметке жиылған жамағат құдайға құлшылық етеді. Христиандық мәдениет дәстүрінде Рождество
жаңару, бейбітшілік, жақсылық пен әділдіктің нышаны саналады. Қасиетті мейрамды
тойлаудың өзіндік салт-дәстүрлері мен ерекшеліктері бар.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

