Ақмола өңірінде қайтарылған активтер есебінен спорт мектебінің құрылысы басталды

Ақмола өңірінде қайтарылған активтер есебінен спорт мектебінің құрылысы басталды

Ақмола облысындағы Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің құрылысы басталды. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қайтарылған активтер есебінен нақты құрылысы басталған аймақтағы алғашқы нысан. Аталған нысанның құны 2 млрд теңгеден асады. Ауданы алты мың шаршы метр шамасында. Онда күрес, бокс, шаңғы сынды  жазғы және қысқы спорт түрлері үйретіледі. Ол үшін ғимарат 2 жаттығу залы және барлық қажетті жабдықтармен жарақтандырылады. Мектеп бір ауысымда 80 адамды қабылдай алады. Құрылыс жұмыстарын үстіміздегі жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.


Қайырбек Қалибаев, Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:


- Біздің спорт мектебіміздің жаңа ғимараты ықпалын беруі, яғни қазіргі уақытта 806 оқушы, 25 жаттықтырушы оны біз мыңнан астам спортшыға жеткізіп, 4 спорт түрін қоса аша, жаттықтырушыларды да көбейтеміз деген ойдамыз. Ескі ғимаратта отырғанда облыс, республика, халықаралық деңгейде жүрдік, енді мақсат Азия, әлем, Олимпиада ойындарына спортшылар дайындау.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?