Еліміздің Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарында жаңа жоғары білім беру бағдарламаларын енгізу жоспарлануда. Оған сәйкес әскери және арнайы оқу орындарында цифрлық сот сараптамасы, киберқауіпсіздік, ақпараттық жүйелер мен технологиялар сияқты мамандықтарды енгізу көзделіп отыр. Командалық тактикалық әскери барлау және әскери психология мамандары да әзірленеді. Сондай-ақ оқу орындарында ұлттық қауіпсіздік және әскери істер, қоғамдық қауіпсіздік, педагогикалық ғылымдар және басқа да мамандықтар бойынша сабақ беру жоспарланған.