2024 жылы Кіші Аралды сақтау жобасының екінші кезеңін басталады. Келесі жылы Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етеді. Біздің еліміз Швейцария даму және ынтымақтастық агенттігінің Blue Peace Central Asia бағдарламасы аясында жұмысты жалғастыруға ниетті. Республика Орталық Азияда барлық тараптардың мүдделерін ескеретін халықаралық су-энергетикалық консорциум құру жөніндегі бастамаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ Қазақстан жаңа кадрлар даярлауға және су саласындағы жұмыс істеп тұрған мамандардың біліктілігін арттыруға мүдделі. Айта кетейік, Кіші Аралды сақтау бойынша жобаның бірінші кезеңі аяқталуға жақын. Бағдарлама өкілдері Орталық Азия елдеріне екінші кезең аясында қандай бағыттар қамтылуы керектігін білу үшін барады.
Нұржан Нуржігітов, ҚР
Ирригация және су ресурстары министрі:
- 2017 жылдан бастап Қазақстанмен Blue Peace бағдарламасы бірлесіп белсенді
түрде жұмыс істеп келеді. Алайда пандемия кезінде жұмыс тұралап қалған еді.
Алдағы уақытта барлық істі қолға алып, бағдарлама аясында өз қызметімізді
жандандырамыз деп ойлаймын.