Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бюджет жобасына сәйкес, бұл қаражат өңірлерде озық қолжетімді техника көлемін арттыруға жұмсалады.
Бауыржан Әбенов, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» кеақ ОҚТ бюросының басшысы:
- Озық қолжетімді технологиялар – бұл өнеркәсіптік кәсіпорындарға кері, антропогендік әсерді азайту және табиғи ресурстарды, электр энергиясын, ұлттық жер қойнауын пайдалануды үнемдеудің пәрменді құралдарының бірі. Бұл ОҚТ анықтамалықтарында енгізілген. Қазақстан Республикасында мұнай және газ өндіру, тау-кен металлургия кешені, кендерді, қара және түсті металдарды өндіру сияқты салаларда озық қолжетімді технологиялар негізінде анықтамалықтар дайындалып, әзірленуде. Бұл анықтамалықтар өнеркәсіптік кәсіпорындарға көмекші құрал ретінде қолданылып, жұмыс істеп тұрған өндірісті аяққа тұрғызуға сеп болады.
Еліміздегі заманауи әрі қолжетімді техниканы енгізуді ынталандыру мақсатында кәсіпорындар арнайы төлемдер мен салықтардан босатылады. Ал 2025 жылдан бастап үздік 50 зауытқа кешенді экологиялық рұқсат беріледі.