Енді донорлық органдарды 1 тәулік сақтауға болады. Бұның шешімін қазақстандық ғалымдар тапты. Медицина әлемінде теңдесі жоқ құрылғы оқшауланған органды 24 сағат қауіпсіз тасымалдаумен қатар, оны ағзадан тыс емдей алады. Қазір адам өмірін арашалап қалатын бірегей жоба клиникалық сынақтардан өтіп жатыр. Әзірге бұл заманауи әдіс жүректі трансплантациялауға бағдарланған. Әзірлеуші топ дәл осы жүйе арқылы донорлық өкпе, бауыр және бүйректі сақтау жолдарын зерттеп жатқандарын жеткізді. Айтуларынша, әлемде мұндай құрылғының тек бір ғана баламасы бар. Сондықтан отандық өнертабыс тиімділігін дәлелдесе, оны шетелге де экспорттау мүмкіндігі пайда болады.
Тимур Лесбеков, UNIVERSITY MEDICAL CENTER корпоративтік қоры
департаментінің директоры:
- Біздің құрылғының америкалық баламасынан ерекшелігі - ол оқшауланған органның
жарамды қалпын әлдеқайда ұзақ мерзімде сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар
отандық үлгіде шетелдік түріне қарағанда органды тасымалдау кезінде адам
ағзасынан тыс емдеуге болады. Яғни жүйе бақылау жүргізіп, бағалауға, жүректің
үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін барлық артерияларға ультрадыбыстық және
тамырішілік зерттеулер жасау үшін арнайы бағдарланғанымен ерекше. Біздің топ
жүректі сәтті транслантациялау үшін осы қызметті 29 сағаттың ішінде қауіпсіз
әрі тиімді жүзеге асыруға болатынын дәлелдеді.
Жеңіс Ермұқанов.

