Елордада соңғы аптада коронавируспен сырқаттанушылық 43% өскен. Ауруханаларда төсек-орын жүктемесі артып, емдеуге жатқызылатын науқастар саны артуда.
Ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысында осындай мәлімет жарияланды. Сондай-ақ халықты вакциналау бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі атап өтілді. Мамырда халықты иммундау сәуір айымен салыстырғанда 50% төмендеген. Анықталған кемшіліктер бойынша қала әкімдігіне бір апта ішінде эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін түбегейлі шара қабылдау тапсырылды.
Авторы: Бану Тәжібек