Өткен тәулікте тағы 810 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 146 789 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 775 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 159 819.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 19013
Алматы қаласы - 19138
Шымкент қаласы - 5537
Ақмола облысы - 7599
Ақтөбе облысы - 3729
Алматы облысы - 7420
Атырау облысы - 14066
Шығыс Қазақстан облысы – 19122
Жамбыл облысы - 5077
Батыс Қазақстан облысы - 9439
Қарағанды облысы - 12298
Қостанай облысы - 7912
Қызылорда облысы - 3425
Маңғыстау облысы - 3771
Павлодар облысы – 9578
Солтүстік Қазақстан облысы – 8967
Түркістан облысы – 3728
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 94 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 177 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 46 114, 519 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 33 575 жетті.