Әлемде соңғы екі апта ішінде коронавирус инфекциясын жұқтыру деңгейі 30 процентке артқан. Әсіресе Еуропа мен АҚШ елдерінде көп жағдайда омикрон штаммының В.А 4 пен В.А 5 қосалқы нұсқаларына шалдығу жоғары. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын қабылдауға шақырды. Ұйым әсіресе, бетперде тағу режимін енгізу, үй-ішін жиі желдету, тестілеу сияқты санитарлық талаптарға ерекше мән берген жөн дейді.