Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың адамнан адамға жұғуын тоқтату арқылы маймыл шешегінің жаһандық таралуын толығымен тыя алатынына сенімді емес. Бұл туралы ұйымның Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге мәлімеді. Оның айтуынша, науқастармен қарым-қатынаста болған барлық адамдарды бақылап, сондай-ақ инфекциялық кезең ішінде оларды оқшаулауды қадағалау қажет. Маймыл шешегімен күресу коронавирус секілді ауқымды шараларды қажет етпейді, себебі аталған вирус басқа жолмен таралады, дейді Ханс Клюге. Еске салайық, бүгінде маймыл шешегі әлемнің 23 елінде тіркелді. Ал жақында ғана инфекцияның ауқымды таралуынан соң алғашқы өлім тіркелді. Вирустан нигериялық 40 жастағы ер адам көз жұмды.