Қазақстан дәрі-дәрмек экспортын кеңейтуге ниетті

Қазақстан дәрі-дәрмек экспортын кеңейтуге ниетті

Қазақстан дәрі-дәрмек экспорты әлеуетін кеңейтуге ниетті. Елімізде келер жылдан бастап осының қамында ұзақмерзімді шарттар жасасудың жаңартылған қағидалары күшіне енеді. Бұл туралы сала министрлігі мәлім етті. Жаңа қағидалар дәріләк заттар өндірісін локализациялауға, технологиялар трансфертін дамытуға және жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталған. Қазірдің өзінде елде 200-ден астам қазақстандық тауар өндіруші тіркелген. Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша отандық кәсіпорындар өндірісі 12 % артып, 156 млрд теңгегден асты. Сондай-ақ, дәрі-дәрмек өндірісі үшін сырттан импортталатын шикізатты қосылған құн салығынан босату ұсынылады. Өзімізде өндірілетін препараттардың сапасын қамтамасыз ету үшін Ұлттық реттеу жүйесінің 3-ші жетілу деңгейіне жету мақсаты белгіленді. Қазақстан қатаң реттеу жүйесі бар ел ретінде посткеңестік кеңістікте мұндай деңгейге жеткен бірінші мемлекет болмақ.


Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- «Цифрландыру бағытындағы жұмыстар аясында 2024 жылы Министрлік дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізді. Бүгінде Қазақстан Орталық Азияда бұл процестің толық циклін іске қосқан жалғыз ел болып отыр. Таңбалау шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу көлемдерін жоспарлау процесі цифрланды, бұл қажеттілікті нақты болжауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, өнімді нарыққа жедел шығару үшін тіркеу рәсімі жеңілдетіліп, тіркеу мерзімі екі есеге қысқартылды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?