13 елден 800-ден астам спортшы Бурабайда жарысады. Атлеттер халықаралық кросста жүгіріп, ашық суда жүзеді. Ұлттық саябақтағы шараны тамашалауға 100 мыңдай адам келмек. Спортшылар 12 және 35 шақырым қашықтыққа жүгіреді. Ал жүзу бойынша сайыс Кіші Шабақты көлінде өтеді. Айта кететіні, жиналғандар тек спорттық жарыстарда бағын сынап қана қоймай, курорттық аймақта қоқыс жинауға көмектеседі. Осылайша, ұйымдастырушылар қоршаған ортаға назар аударып, салауатты өмір салтын насихаттамақ.
Даниель Сержанұлы «Kazakh Tourism» АҚ Ұлттық компаниясының басқарушы директоры:
– Дүниежүзілік ең үлкен марафондарды алып қарасақ, оған 50 мыңға дейін адам қатысады. Ол тек өзіне ғана. Ал оған келетін жанкүйерлер саны бірнеше жүздеген мыңға жетіп жатады. Сондай эффект, оларды қолдап, туристер тартуға болады. Тек қазақстандықтарды ғана емес, шетелдік туристерді де.