ҚР-да радиофармпрепараттардың 90% өндіріледі

Қазақстанда соңғы жылдары ядролық медицина онкологиямен күрестегі ең тиімді әдістердің бірі ретінде өзін таныта білді. Оны ерте диагностикалау және емдеу үшін елімізде радиофармпрепараттардың 90% өндіріледі. Бүгінде үш негізгі дәрі-дәрмегі Ядролық физика институтында шығарылады. Олардың екеуі йод-131 және технеция-99m радиоизотоптарының негізінде атом зерттеу реакторының базасында дайындалады.

Елена Чакрова, Ядролық физика институтының радиохимия және изотоптар өндірісі ғылыми-техникалық орталығының басшысы: 

– Адамның барлық ағза жүйелерін дәрігер таңдаған технеция әдісі арқылы көруге болады. Ядролық медицинаның алтын стандарты сүйек метастазаларын бақылау, яғни жиынтық технециямен белгіленіп, енгізіледі. Егер сүйек метастазалары, онкологиялық ауруларда анықталса осы препараттың арқасында өте жақсы көрінеді.

Қазір фтор-18 және лютеция-177 изотоптарының негізінде жаңа дәрілер әзірленуде. Олар қуық асты безі обырын диагностикалау үшін қажет. Дәрігердің айтуынша, емнің сәтті аяқталуы оның ерте анықталуына тікелей байланысты. Бұл ретте тағы бір қазақстандық препарат – Фтордезоксиглюкоз 18F таптырмас көмекші. 

Жандос Аманқұлов, «Қазақ онкология және радиология» ҒЗИ радиология және ядролық медицина бөлімінің басшысы:

– Радиофармпрепараттар медицинада қысқа өмір сүретін немесе ультра қысқа өмір сүретін изотоптар пайдаланылады, біз оларды басқа елдерден әкеле алмаймыз, өйткені онда фтордезоксиглюкозаны тасымалдауда 4 сағаттан аспауы тиіс. Сондықтан басқа елдерден, алыс өңірлерден біз бұл радиофармпрепаратты әкеле алмаймыз, біз оны осы жерде өндіруіміз керек.

Биылғы жылы аталған дәрі-дәрмектер Қырғызстанға жеткізілді. Сонымен қатар бүгінде Қазақстанда онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу 9 ядролық медицина орталығында жүргізіледі. Алдағы уақытта Астана, Ақтөбе, Қарағанды және Өскеменде тағы бірнеше нысанды ашу жоспарланған. 

Қазақстан ядролық медицинаны одан әрі дамытуға ниетті. Бұл ретте мұнда атом энергетикасы негізгі рөл атқарады. Ал отандық ғалымдар Оңтүстік Корея, Жапония және АҚШ тәжірибесін басшылыққа ала отырып, озық технологияларды енгізетін болады.