Қазақстанда халықаралық көлік тасымалы спутниктік навигация арқылы бақыланады

Қазақпарат халықаралық агенттігінің хабарлауынша, мекеме қазақстандық патентке ие тасымалдарды электронды қадағалауға арналған «Транзит» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірледі. Жүк көліктері мен пойыздарға орнатылатын навигациялық пломбалар барлық деректерді спутниктерге жібереді. 5 бірдей ұлттық және бірқатар халықаралық пилоттық жобаларда сыналған отандық жүйе Ресей, Қырғызстан, Беларусь елдерімен бірлесіп темір жол және авто көліктерінде тексерістен мүдірмей өтті. Институтқа ұлттық оператор мәртебесін беру шекарамыз арқылы өтетін тауарлардың заңды айналымын және ел аумағы арқылы тасымалданатын халықаралық жүктің заңдылығы мен бұл саланың ашықтығын қамтамасыз етуге  мүмкіндік береді.