Жыл басынан Алматы облысына 778 млрд теңге инвестиция тартылды

Жыл басынан Алматы облысына 778 млрд теңге инвестиция тартылды

Алматы облысында 7 индустриялық аймақ құрылады. Оның үшеуі өңірдегі агроөндірістік кешенді дамытуға бағытталған. Бүгінде бірқатарының жобалық жұмыстары аяқталуда. Ал, енді біреулерінде өндіріс ошақтары біртіндеп қанат жаюда. Мәселен «Береке» индустриялық аймағында жылына 25 мың тонна қайта өңдеу қуаты бар жеміс-көкөніс өнімдерін мұздататын сублимациялық зауыт салынды. «Қайрат» аймағында инвестиция сомасы 150 млрд теңгені құрайтын 26 компания орналастырылды. Бұл ретте өңірде көлемі жағынан әлемде алғашқы үштіктің қатарында кіретін Орталық Азиядағы ең ірі арнайы «Алатау» экономикалық аймағы да іске қосылғанын айта кету керек. Жалпы бұл жобалардың мақсаты – Алматы облысының экспорттық әлеуетін кеңейту.

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі

- Алматы облысында экспорт географиясының кеңеюі – аймақтың экономикалық дамуындағы маңызды жетістіктердің бірі. Бүгінде облыс 63 елге өнім экспорттаса, оның 90% өңделген өнім құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда экспорт көлемі 565 млн доллардан 581 млн долларға өсті.

Сондай-ақ, өңірдің өндіріс көлемін ұлғайту үшін жетекші әлемдік компаниялар тартылуда. Мәселен сырт ел инвесторларымен металлургия, инфрақұрылым, салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімдер жасалды. Жалпы Алматы облысы экономикасының қарқынды дамуына инвестициялар ағынын артып келеді. Тек жыл басынан ғана оның көлемі 22 жарым процентке артып, 778 млрд теңгеге қаржы тартылған.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?