Алматыда «The Planet of Art 2023» - «Жүрегіміз бірлікпен үндессін» гала-концертінің бейнетаспасы көрсетілді. Биыл музыкалық цикл Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған Халықаралық диалогты бейбітшілік мәдениетінің елшісі ретінде ілгерілетуге арналған. Айта кетейік жазда Астанада өткен Дарынды жастар жұртшылыққа өздерінің шеберлігі мен өнері арқылы ұмытылмас музыкалық қойылым сыйлады. Шара Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының ұйымдастыруымен өтті.
Сабина Ақжарова, ЮНЕСКО клубтарының коммуникациялар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті:
- Биыл жоба қатысушылардың тек Қазақстаннан ғана емес, алыс-жақын шетелдерден де дарынды жастардың жиналуымен ерекшеленді. Олар биылғы жазда Алматы, Павлодар қаласына келуге бірегей мүмкіндік алды. Онда тәлімгерлердің қатысуымен, сондай-ақ шығармашылық қайраткерлердің қатысуымен қарқынды дайындық бағдарламасы өтті. Содан кейін екі тамаша гала-концерт ұйымдастырылды. Бұл – балалардың музыкалық, вокалдық, хореографиялық өнер саласындағы шығармашылық дағдыларын тегін дамытуға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Әрине, бұл балалар үшін үлкен тәжірибе.
Айта кетейік биыл фестиваль бесінші рет өтті. Финалға 12-18 жас аралығындағы 42 лауреат шықты. Қатысушылар Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстаннан келді. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар жас таланттарды біріктіріп қана қоймай, мемлекеттер арасында достық байланысты нығайтып, заманауи өнерді дәріптеуге септігін тигізеріне сенімді.
- Маған өзге жарыстарға қарағанда дәл осы байқау-фестивалі қатты ұнады. Көптеген балалармен таныстым, бұл менің өмірімдегі айрықша орын алатын байқаулардың бірі болды десем, артық айтпаймын.
- Бұл концертте мен өте керемет әсер алдым. Көптеген достар таптым. Балалармен бауыр басып қалдым. Олармен көріскім келеді күнде. Менің ағам-сіңілім сияқты болып кетті ол кісілер де.