Бүгін біз қазақтың дәстүрлі сұйық тағамы «Көже» дайындаймыз. Оны аналарымыз әртүрлі әзірлеген. Біреу ақ немесе сары жүгеріден пісірсе, енді бірі бидай не тарыны қолданған . Көже – денсаулыққа пайдалы тағамдардың бірі. Оның құрамында ет , сүт тағамдары және дәнді дақылдар бар.