Мерекелік дастарханның сәні -«Бәрәміш» асы қалай дайындалады?

Бүгін біз «Бәрәміш» тағамын дайындаймыз. Алайда оны Қазақстанның әр аймағында әртүрлі атайды. Бір жерде «Ет самса», тағы бір аймақта «Бәрәміш», енді бір өңірде «Бүйрек» деп атаса, Қазақстанның солтүстік аймақтарында Бәрәміш «Қыз ұзату» кезінде дайындалады. Неліктен олай? «Қыз ұзату» – салты бойынша айттыра келген құдалар жаңа отбасымен жақын туысындай араласып кетсін деген тілектен пайда болған. Бараміштің негізгі (ингредиенті) қоспасы - ет.