Taste Kazakhstan-ның жаңа шығарылымында «Құйрық-бауыр» деп аталатын жаңа тағамымызды дайындаймыз. «Құда құда дейсің-ау, құйрық бауыр жейсің-ау». Міне, осындай сөздермен қазақтар жаңа құдаларды қарсы алған. Бұл біздің халқымыздың өмірінде аса маңызды және айрықша салт-дәстүр. Құдаларды күткенде, әрқашан бауыр сияқты жақын және құйрық сияқты тәтті болуыңыз керек деп айтатын болған. Бауыр сөзі қазақ тілінде тек ағза емес, туыстықты да білдіретін сөз.