Жетісу облысында тағы бір жаңартылатын энергия көзі нысаны іске қосылды

Жетісу облысында тағы бір жаңартылатын энергия көзі нысаны іске қосылды

Қазақстанда жаңартылатын энергия көзінің тағы бір нысаны пайдалануға берілді. Су электр станциясы Жетісу облысында іске қосылды. Бұл өңірдегі баламалы энергетиканың 18-ші нысаны. ГЭС Қора өзенінде орналасқан. Бұл жоба - еліміздің энергетика саласын дамытудың тиімді стратегиясының бір бөлігі. Оны іске қосу арқылы аймақ экономикасына 10 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Жалпы, жаңа су электр станциясы облыстағы электр энергиясына деген сұраныстың толық қамтамасыз етеді. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттырады, сондай-ақ экологиялық жағдайды жақсартады.


Ілияс Хамитов, Су электр станциясының бастығы:


- «Станцияның қуаты - 26 МгВт. Нысан 21 адамды жұмыспен қамтамасыз ететін болады. Энергияны ортақ торапқа өндіреміз. Станцияда ауысыммен жұмыс істейтын жұмысшылар болады. Олар су электр станциясының жабдықтары мен деривациясын бақылайды. Нысан австриялық жоғары сапалы құрылғылармен жабдықталған. Халықаралық стандарттарға сәйкес келеді».

Айта кетейік, Жетісу облысында жыл соңына дейін қуаттылығы 20,5 МВт-тан асатын 2 ГЭС құрылсын аяқтау жоспарланған. Жаңартылатын энергияның барлық жобалары жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?