Жас келінге ұсынатын дәстүрлі тағам «Ұлтабар»

Біз бүгін «Ұлтабар» және «Балық қуырдақ» тағамын пісіреміз. Ұлтабар- бұл қойдың қарынының бір бөлігі. Қазір біз одан дәмді тағам дайындаймыз. Сондай-ақ бұл тағамға бағланның етін, күріш те қосамыз. Күрішті алдын-ала пісіріп қойдық. Кейін ұлтабардың ішіне осы қоспаларды саламыз. Ұлтабар ұл тусын деген ырыммен үлкендердің жас келінге ұсынатын дәстүрлі тағамы.