Біз бүгін табиғаты тамылжыған осындай әдемі жерде «Өкпе сүт» деп аталатын өте дәмді тағам дайындайтын боламыз. Қазақ асханасындағы әр тағамның өзіндік философиясы бар. Бұл тағамды дайындаудың мәні , астары болатын. «Өкпе сүт» ағайын, туыстың көңілін табу үшін пісірілетін болған. Бұрын аналар бір-біріне өкпелеп жүрген ағайынды татуластыру үшін осы тағамды әзірлеген.