Сондай-ақ өсімдік шаруашылығындағы бағыттар мен нормативтер сақталды. Мал шаруашылығына келетін болсақ, асыл тұқымды мал басын сатып алу кезінде шошқа шаруашылығын қоспағанда, барлық қолданыстағы субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалады. Сонымен қатар тауар-спецификалық субсидиялар да сол қалпында болады. Бұл ретте күркетауық еті мен суда жүзетін құстардың төлемі алынып тасталды. Инвестицияларды субсидиялаудың барлық түрлері мен бағыттары жүйеленген. Осылайша, субсидиялаудың жаңа қағидаларының негізгі сәттері мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру, қарсы міндеттемелердің орындалуын бақылауды күшейту, цифрландыру есебінен субсидиялар алу рәсімін оңайлату болып табылады. Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік қолдау көлемі жыл сайын шамамен 400 млрд теңгені құрайтынын хабарлаған. Агроөнеркәсіп кешенді субсидиялаудың негізгі түрлеріне өтінімдер 1 ақпаннан бастап қабылданады.