Жамбылдық фермерлер малды дронмен бағады

Жамбыл облысында төрт түлікті ерекше замануи тәсілмен бағу қолға алынуда. Өңірде мал шаруашылығына кәдімгі дронды пайдаланып отыр. Ұшатын құралдың көмегімен малды әуеден бақылап, қашықтан қадағалауға болады.

Құрылғы көмегімен үйден 10 шақырым жерде де жайылып жүрген отарды байқау қиын емес. Заманауи әдістің арқасында мал басының жоғалуы азайып, еңбек өнімділігі артқан.

Гауһарбек Шонтаев, шаруа:

- Түнде де көрінеді. Мысалы мал егістікке түспес үшін, үстінен ұшырып қарауылдаймыз. Ал егер жақындап қалса, үркітіп жібереміз. Видеоға да, фотоаппаратқа да түсіріп алатыны бар. Бұл кәдімгі вертолёт сияқты болып тұр ғой.