Қазақстанда туризм саласына салынған инвестиция көлемі 2 есе артты

Қазақстанда туризм саласына салынған инвестиция көлемі 2 есе артты

Қазақстанда 2024 жылдың алғашқы жартысында туризм саласына салынған инвестиция көлемі екі есе өсті. Бұл көрсеткіш 390 млрд теңгеге жетті. Бүгінде 60 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылу үстінде. Мемлекеттік қолдау аясында бірқатар қолдау қарастырылған.

Мәселен, кірме туризм саласында, сондай-ақ, құрылыс, туристік нысандардың реконструкциясы және ішкі бағыттар бойынша балалар билеттері құнының бір бөлігін субсидиялау бойынша шаралар қарастырылып, мақұлданды. 

Айсара Бисенова, ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы:

– Қазақстанда Қытай Халық республикасының азаматтары үшін негізгі туристік бағыт ретінде көрсету үшін 2024 жыл – Қытайда Қазақстанның туристік жылы деп жарияланды. Түркістанда еліміздегі алғашқы мамандандырылған оқу орны – халықаралық туризм және меймандостық университетінің алғашқы түлектері оқу бітірді. Қазіргі уақытта 460 түлектің 125-і бүкіл Қазақстан аумағындағы нысандарда жұмыстарын сәтті бастап кетті. Оқу үрдісінің 50% кәсіпорын аумағында өтетін дуалды білім беру тәртібінің арқасында студенттер диплом алмастан бұрын жұмысқа тұру мүмкіндігіне ие болып жатыр.