Қазақстанда әуе такси жүйесі іске қосылады

Қазақстанда әуе такси жүйесі іске қосылады

Қазақстанда әуе таксиі пайда болады. Жаңа жүйе Алматы мен оның маңында салынып жатқан Алатау қалаларының арасында іске қосылмақ. АҚШ-та Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Alatau Advance Air Group, америкалық Joby Aero компаниясы және кәсіпкер Вячеслав Ким тиісті өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. Оның аясында жалпы құны 300 млн доллар болатын электрлі eVTOL ұшақтары сатып алынбақ. Тік ұшып-қонатын әуе көліктерінің құны тиісті үлгісіне орай 200 мыңнан 10 млн доллар аралығында тұрады. Бұл бастама елімізде «ақылды қалаларды» дамытуға бағытталған маңызды қадам болмақ. Заманауи қызмет  қалалық әуе мобильдігі жобасының құрамдас бөлігіне айналады. Салалық министрліктің дерегінше, таяу жылдары сертификаттау мен демонстрациялық ұшуларға арналған сынақ алаңы құрылып, аэротакси Алатау мен Алматы қалаларының көлік желісіне біріктіріледі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?