ҚР ТЖМ-нің нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан тағы бір адамның денесі табылды. Қазір жеке басы анықталуда. Бұған дейін 12 адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Айта кетейік, ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған. Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.
1. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушы Арнұр Серікұлы Темірболатов.
2. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 3 – ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы Елдос Қадырбайұлы Сандыбаев.
3. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі, өрт сөндіру басшысының орынбасары Александр Николаевич Микропуло.
4. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 1 – МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы Тәңіберген Кұдайбергенұлы Төребеков.
5. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары М.К.Айманов.
Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс орын алды. Нәтижесінде жалпы саны 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Ақпарат көзі: Хабар 24