Қазақстанда бес сейсмикалық станция орнатылады

Қазақстанда бес сейсмикалық станция орнатылады

2026 жылға дейін Қазақстан аумағында бес сейсмикалық станция орнатылады. Сондай-ақ, «Алматы» орталық сейсмикалық обсерваториясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қытай жер сілкінісі әкімшілігінің Геофизика институты жұмысын қаржыландырады. Тиісті меморандумға аспан асты елінің Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы мен Жер сілкіністері жөніндегі агенттігі қол қойды. Еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, шілде айында Қытайда жер сілкінісін болжау бойынша халықаралық кеңес өтеді. Оған отандық Сейсмологиялық бақылау орталығының ғалымдары да қатысады.