Қазақстанға шетелдік қонақтарды көптеп тартудың жаңа әдісі ретінде табиғи көрікті жерлер бейнесіндегі тәттілер дайындалуда. Енді туристер «Жұмбақтас» жартасын тамашалап қана қоймай, оның дәмін татып көре алады. Испанияның танымал шоколадтан түрлі өнімдер дайындайтын шеф-кондитері Ханс Овандо аңызға айналған жартас бейнесіндегі тәтті түрін дайындады. Гастрономиялық туындыны жасауға кіріспес бұрын шебер Щучинск-Бурабай курорттық аймағына арнайы барып, оның жауһарларының тарихымен танысып, жергілікті тұрғындармен пікір алмасып, дәстүрлі ингредиенттерді зерттеді. Оның айтуынша, бұл тек тәтті тағам ғана емес, Қазақстанның бірегей табиғатын құрметтеудің нышаны.
Ханс Овандо, шеф-кондитер, Испания:
- Мені Бурабайға шақырды. Онда мен Жұмбақтас туралы әңгімелер мен аңыздарды естідім. Кейін Жұмбақтас түрінде тәтті дайындау идеясы пайда болды. Бұл аңыз-әңгімелер арқылы белгілі болған Бурабайдың символы және бұл әр түрлі елдерден көптеген туристерді тартады. Сондықтан да Жұмбақтас түріндегі десертті дайындау жақсы идея болды.
Аспаздық пен туризмді біріктіру бастамасы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы мен қазақстандық бизнес өкілдерінің бірлескен жобасы. Олардың пікірінше, мұндай формат тұрақты туризм идеяларын ілгерілетуге, туристік нысандарға ұқыпты қарауды қалыптастыруға және оларды сақтауға үгіттеу жұмыстарын ілгерілетуге көмектеседі.
Даниел Сержанұлы, «Kazakh Tourism» ҰК Басқарма төрағасының індетін атқарушы:
- Астанаға ат басын бұрған, осы тәттінің дәмін татып,
жасалу тарихымен, Жұмбақтас аңызымен таныс болған қонақтардың өз саяхатын
Бұрабайда жалғастыруын елестетіп көріңізші. Өйткені Астанаға келетін іскер
адамдар өте көп, оларды неге Бурабайды көруге шақырмасқа. Бұл туристік нысандар
даму жағынан да, логистика жағынан да саяхат үшін өте ыңғайлы.

