Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау
бойынша жұмыстар кеңінен жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта 3 жыл бұрын арнайы
мемлекеттік комиссия құрылған. Сол үлкен террордың құрбаны мемлекет және қоғам
қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың туғанына биыл 125 жыл. Атаулы датаға орай
Жезқазғанда «Тұоға тауқыметі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.