Елордалық урбанистер шетелдік тәжірибені қолдануда

Елордадағы ең тозығы жеткен көше. Отандық сәулетшілер Нұр-Сұлтандағы Бараева көшесін жаз басталғанға дейін осылай әзілдеп атаған еді. Қазір аталған көше жөндеуден өткізілуде.

Тұрсын Жиенбаева, Нұр-Сұлтан қаласы урбанистика орталығының сәулетшісі:

– Тосқауылсыз жаяу жүргіншілер жолын кеңейту, қажеті жоқ қоршауларды алып тастау, сондай-ақ көтеріңкі жаяу жүргіншілері өткелдерін орнату арқылы көше қайта салынды.

Нұр-Сұлтан - әлемдегі ең жас және қарқынды дамып келе жатқан бас шаһарлардың бірі. Тиісінше ол сәнді көрінуі тиіс. Қала құрылысшылары бұл міндетті біледі және әлемдік қалалардың сәулетіне қарай отырып шабыт алады. Мысалы, олардың алдыңқы қатарында Еуропа тұр.

Рельефті көшелерде клинкер кірпіші жиі қолданылады. Бұл сәулет түрі көптеген мемлекеттерде бар. Мысал ретінде Лондон қаласын алдық.

Бұдан басқа, елордада осыған ұқсас бірнеше ғимарат ашылды. Оның ішінде Бейбітшілік және келісім сарайы маңында орналасқан амфитеатрды атауға болады. Жалпы, бас қалада жылдың соңына дейін  200-ден астам аула мен қоғамдық орындарды салу және қайта жөндеу жоспарлануда.

Аслан Қандығұлов, Нұр-Сұлтан қаласы урбанистика орталығының қызметкері:

– Біз постмодерн әлемінде өмір сүрудеміз. Қазір барлығы ойластырылған. Жалпы, біз қоршаған ортаға позитивті көзқараспен қараймыз және оны қаладағы ғимараттарда көрсетуге тырысамыз, әрине өзіміздің этно-элементтеріміз қосуды ұмытпаймыз. Тиісінше, мүлдем жаңа кеңістіктер пайда болады.

Отандық сарапшылардың пікіріне сүйенсек, Қазақстандағы мегатрендттердің бірі азаматтардың ауылдық жерлерден қалаға көшуі. Бұл беталыс болашақта да өз жалғасын табады. Республикадағы негізгі өсім Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына тиесілі. COVID-19 індетінен кейін қайтадан қарқын алып келетін туризм саласын да естен шығармауымыз керек. Сәйкесінше, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайы үшін заманауи шешімдер қажет.

Марк Брюшко, корреспондент

–  Қазақстан астанасында кедергісіз орта құру жөніндегі ең ауқымды жұмыс Республика даңғылында жүргізілгенін атап өткен жөн. Бұл елорданың басты көшелерінің бірі. Өткен жылы жаз мезгілінде мұнда жаяу жүргіншілер жолы тегістелді. Енді мүмкіндігі шектеулі жандарға да, балалары бар ата-аналарға да жиектастар мен шұңқырлар еш кедергі келтірмейді.

Урбанистер болашақта барлық қоғамдық кеңістіктерді, нақтыласақ вело және жаяу жүргінші жолдарды өзара байланыстыруды жоспарлауда. Осындай жаңашылдықты өткен жылы қалалық саябақтарда жасалған болатын. Осылайша, қалада тағы бір туристік бағыт пайда болады.