Әзербайжан Президенті Қазақстанды Каспийдегі негізгі серіктес деп атады

Әзербайжан Президенті Қазақстанды Каспийдегі негізгі серіктес деп атады

Қазақстан мен Әзербайжанның ынтымақтастығы Каспий өңірін дамытудың басты факторларының бірі болып қала бермек. Бұл туралы Шуша IV жаһандық медиафорумында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев айтты. Оның пікірінше, екіжақты қарым-қатынас ең жоғары деңгейде, ал Қасым-Жомарт Тоқаевпен тығыз қарым-қатынас бірлескен жобаларды табысты ілгерілетуге ықпал етеді. Бүгінде Астана мен Баку Орта дәлізді дамытуда, теңіз порттарының әлеуетін арттырып, Грузия және Түркиямен ықпалдастықты үйлестіруде. Каспий арқылы энергетикалық кабель және оптикалық талшықты байланыс желісін салу жөніндегі жобаларды іске асырып жатыр. Бұдан бөлек, Әзірбайжан аумағы арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдау жүзеге асырылуда. Ильхам Әлиев еліміздің Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жеткен жетістіктерін атап өтіп, Қазақстанға одан әрі даму мен өркендеу тіледі.


Ильхам Әлиев, Әзербайжан Республикасының Президенті:

- Әрине, біздің президент Тоқаевпен жеке қарым-қатынасымыз екіжақты ынтымақтастық пен өңірлік өзара іс-қимылды дамытудың маңызды факторы болып табылады. Біздің күн тәртібіміз өте ауқымды. Біз Каспий теңізінің қарама-қарсы жағалауында орналасқан екі ел ретінде өзара тығыз іс-қимыл жасаймыз. Шын мәнісінде, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы белсенді ынтымақтастықсыз осы өңірде, Каспий маңында бірде-бір көлік жобасын іске асыру мүмкін емес.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?