Зағип жандарға арналған көрме: Суретті қолмен көру технологиясы

Зағип жандарға арналған көрме: Суретті қолмен көру технологиясы

Өнер құдіреті қанша ғасыр өтсе де адамзатты өзінің сан қырлы қасиетімен тәнті ете бермек. Біз сол ғажайыпты өз көзімізбен көріп, тамсанамыз, таңданамыз. Ал, осы бір өнерді көре алмайтындар қайтер еді? Иә, біз зағип жандар туралы айытп жатырмыз.

Соңғы жылдары әлемнің әр түкпірінде сұлулықты ерекше бағалайтын зағип жандарға арналған көрмелер өткізіліп келеді. Тіпті Италияда осындай жандар үшін арнайы музей ашылған. Жақында дәл осындай көрме Қазақстанда, яғни Алматыдағы Қастеев музейінде өтті. Дәлірек айтсақ, мұндай көрме Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азия елдерінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр деуге болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?