«Наз» - халықтық хореографияға негізделген би театры. Мұнда тек әдемі биді ғана сахналамайды, тұтас бір сюжетті, жеке адамның немесе қандай да бір ұлттың дәстүрін, салты мен ғұрпын қойылым шеңберінде, би құдіретімен жеткізеді.
Кезінде қатарында тек 2 биші ғана болған өнер ұжымы, қазір 50-ге жуық кәсіби маманмен толыққан. Жалпы сахнада жүргеніне бір ғасырдан асқан би ұжымының шығармашылық жолы қандай? Culture Vibe-тың осы санында.

