Орталық Азия елдерінің үздік технологиялық IT-стартаптары 500 мың долларға дейін инвестиция тарта алады. Бұл іске Қазақстанда 7 наурызда басталатын Investment Readiness Accelerator бағдарламасы ықпал етеді. Қазіргі таңда қатысушылардан өтінімдерді қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағдарлама үш бөлімнен тұрады және онлайнмен қатар офлайн форматында өтеді. Инноваторлар заң тұрғысынан практикалық білім ала алады, жобаның тиімді қаржылық моделін құруды, питч-дек құруды үйренеді, сондай-ақ басқа да көптеген мағлұматпен ақпараттанады. Бағдарламаның ресми бөлігі аяқталғаннан кейін қатысушылар өздерінің стартаптарын тек Орталық Азиядан ғана емес, АҚШ-тан, Еуропадан келген инвесторларға көрсете алады.
Әлим Хамитов, Орталық Азияның бірінші венчурлық қорының басқарушы серіктесі:
- Барлық акселератордың түпкі мақсаты мынада, жалпы біз көптеген команданың тарап кету себебі ешкімге қажет емес өнімді жасап шығарғандығында емес, тың дүниені ойластыра отырып оған қолдаушы, алғашқы инвестицияны таба алмайтындығында екенін айтқымыз келеді. Тиісінше, одан кейін стартапшылардың тобы тарап жатады. Мәселе олар қажет емес нәрсені жасап шығарғанда емес, сенімді қолдау таба алмағандығында. Біз осы мәселені жылдар бойы байқап келеміз. Сондықтан да аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру жөн деп шештік.