Ердос Оңғарбаев - Қазақстан ғылымының айтулы өкілі әрі мақтанышы. Ол әрбір отандасының өміріне тікелей әсер ететін күрделі саланы меңгерген. Бүгінде ғалым өз командасымен битум өндірісін өзгерте алатын, процесті тезірек, қолжетімді және экологиялық таза ететін технологияларды әзірлеп келеді. Бұл дегеніміз - Қазақстанда өзіндік инновациялық шикізатты пайдалану арқылы өндіріс шығындарын азайтып, есесіне жолушылар ұзақ жылға төзімді тас жолда жүйіткейтін күн де алыс емес.

