Ғалым Қылышбек Тұрлыбекұлы отандық су-сулы реактор базасында үлкен жобамен айналысуда. Оның мақсаты - ультрасуық нейтрондар пайда болатын әлемдегі ірі қондырғы ойлап табу. Нейтрондар материяның негізгі қасиеттерін тереңірек зерттеп, ғаламның пайда болу негізіндегі үдерістерді бақылауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, материалтанудан медицинаға дейінгі әртүрлі салаларда жаңа технологияларды дамытуға көмектеседі.

