Гүлжанат Аймағамбетова – Қазақстан ғылымының
бүгінгі өкілі. Оның жобалары әр әйелдің жасы, тұратын жері не табыс деңгейіне қарамастан,
қауіпті дерттің кең таралған бірнеше түрінен сақтанудың жолдарын ұсынады. Ғалым осы бағытта тек медициналық емес, мәдени және психологиялық
шешімдер де іздейді. Сондай-ақ, Гүлжанат Аймағамбетова бұл ізденіс ертең ұлт
пен ұрпақ саулығының негізін берік етеріне сенімді.

