Бірқатар әлем елдері басшыларының Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне келуі, Қазақстанның әлемдік аренадағы маңызды ойыншы ретінде мойындалып, қызығушылық туғызуының белгісі. Осы ұйымға мүше болғаннан кейін еліміз мемлекеттер арасында сенім мен түсіністік орнауына сеп болды. Ал, төрағалық аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының барлық мемлекеттерінің ортақ мүдделерін қорғау үшін көп жұмыс атқарды. Бұл – Үндістанның Қазақстандағы елшісі Нагендра Прасадтың пікірі. Оның айтуынша, осындай үлкен деңгейдегі шараның Астанада өтуі, еліміздің халықаралық аренадағы беделінің орасан-зор екенін көрсетеді. Қазақстан көпжақты ынтымақтастыққа бағытталған белсенді сыртқы саясат жүргізеді. Былтыр ұйымға төрағалық еткен Үндістан да солардың қатарында. Елші, сондай-ақ, Үндістан Қазақстанмен әріптестікті нығайтуға күш салып отыр. Ал, саммитке қатысуы – соның белгісі дейді.
Нагендра Прасад, Үндістанның Қазақстандағы елшісі:
– Шанхай ынтымақтастық ұйымы өте маңызды аумақтық бірлестік. Біз 2017 жылы ұйым қатарына кіргенде өте қатты қуандық. Ол кезден бері әріптестігіміз тек нығая түсті. Үндістан ШЫҰ-ның саясат, экономика, мәдениет және басқа салалардағы бастамаларына белсенді атсалысып келеді. Былтыр Үндістан ұйымға төрағалық етті. Біз 130-ға жуық кездесу-жиын өткіздік. Мен Қазақстанның осы төрағалықты абыроймен атқаруымен құттықтап, Астанада бірқатар мемлекет басшыларының басын қосатын саммитті өткізуде сәттілік тілегім келеді.