Түркістан облысында құсбегілердің Республикалық чемпионаты өтті

Түркістан облысында құсбегілердің Республикалық чемпионаты өтті

Қазақстанның үздік құсбегілері анықталды. Түркістан өңірінде ұлттық спорт түрінен республикалық жарыс өтті. Оған 70-ке жуық саятшы қатысты. Олардың арасында бұрымды бүркітші қыздар да бар. Аяжан Даниярқызы осы додада «Алтын» және «Арын» атты екі қыранын жарыс жолына қосты.

Аяжан Даниярқызы, құсбегі:

- Ер балалар не десе де, күші көбірек болады ғой қыздарға қарағанда. Басында қолымыз қатты ауырып, бүркітті көтере алмай, оны ұшыра алмай біраз қиындықтар болды. Уақыт өте келе қолыңда, өзіңде үйренді екенсің. Қазір барлығы жақсы. Бірақ жарыста көріп тұрғандарыңыздай ер адамдар көбірек.

Жыл сайын өтетін жарысқа қатысушылар үш күн бойы құстарының бабын сынады. Дәстүрлі сайыс бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен құсты ұшырып, қайта қолға қондыру әдісі қаралды. Кейін шырға тарту және қырындардың аң алуы бағаланды. Жалпы ұйымдастырушылардың айтуынша, жылдан жылға құсбегілердің қатары артып келеді.

Бағдат Мүптекеқызы, «Құсбегі» федерациясы қоғамдық бірлестігінің вице-президенті:

- Бұрындары құсбегілердің ең кіші жасы 60-та, үлкені 90-да еді. Оның өзі республика бойынша 20-ға жетпейтін құсбегі болатын. Және бүркіт қана дамыған. Қазір қарап отырсаңыз жарысқа қатысушылардың 80-90% жастар осы құсбегілікпен, оның ішінде ителгі, қаршыға, сұңқар тектес құстарды қолға ұстап жүр.

 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?