Ұлытау облысында «Жұлдызды Жезқазған» жобасы басталды. Жоба аясында өңірге еліміздің кино, театр және эстрада саласындағы танымал тұлғалар шақырылады. Алғашқы болып, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, иісі қазаққа «Қыз Жібек» рөлімен танылған белгілі актриса Меруерт Өтекешова келіп аймақ жұртымен кездесті.
Өнер майталманы бұл өңірде осыдан 40 жыл бұрын болыпты. Сол кезде халық әртісі, жары марқұм Құман Тастамбековпен бірге келген. Араға бірнеше жыл салып Ұлытау жеріне қайта жол түсті. Киелі мекенге келгеніме қуаныштымын дейді.
Меруерт
Өтекешова Қазақстанның еңбек сіңірген
әртісі, «Құрмет» және «Парасат» орденінің иегері:
- Ұлытау область болғаннан кейін бұл
үлкен қуаныш. Промышленный город же.
Экономика. Енді қалай болса да,осы жерде жұмыс істеген халықты жақсы көмек беру
керек. Облыс болғаннан кейін 2-3-4 жылдың ішінде кәдімгідей мынау Жезқазған, Ұлытау
көтеріледі. Жастар көп келеді осы жерге жұмыс істеуге. Өкінішті-ақ осы жолы
өзім келдім. Бірақ Құман ағамыз қайда жүрсем де жүрегімде. Біз кино арқылы
үлкен із қалдырып, Құман екеуіміз махаббаттарымызды беріп, сол кинодан кейін
қанша жастар бір-біріне ғашық боп,
үйленіп мен соған ризамын.
Меруерт Өтекешованың сахнада жүргеніне жарты ғасырдан асты. Театр мен кинода ондаған рөл сомдаған. Десе де, жалпақ жұртқа «Қыз Жібек» фильмі арқылы танылды. Жібек рөлі - өнердегі төлқұжатына айналды. Жезқазғандық Ізтілеу Түсіповтың сонау 70 жылдардың аяғында фильмнің ауыл клубында алғаш көрсетілгені әлі есінде.
Ізтілеу Түсіпов
Жезқазған қаласының тұрғыны :
- Ол кезде ауылдың
клубында тұңғыш рет осы фильмді ауыл
тайлы-тұяғы қалмай көріп,егіліп жылап шыққан халықты көрдім. Менің де
әсерім керемет болды. Әлі күнге дейін халықтың сұранысына ие бірегей фильм. Жақсы
көрген қыздарымызды «Қыз Жібегім» айтудың өзі үлкен терең мағынасы бар ғой.
Кездесу ашық
әңгіме түрінде өрбіді. Жезқазғандықтар өнер майталманына сұрақ қойып, ақжарма
тілектерін де жаудырды. Меруерт Өтекешова ендігі сапарын да театр труппасымен
бірге келіп Жезқазған сахынасында өнер көрсетуге уәде берді.