Ұлыбританияда маймыл шешегінің жаңа штамы анықталды. Ел денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, вирустың осы уақытқа дейін анықталмаған белгісіз түрін тұрғындардың бірі жұқтырған. Ер адам жақында Батыс Африкадан оралған екен. Маймыл шешегінің жаңа штамы адам ағзасында өзін қалай көрсететіні белгісіз. Алайда дәрігерлер жақын арада осы инфекцияның жаппай таралуын тудырған түріне ұқсамайтынын айтады. Қазір мамандар ауруды жұқтырудың басқа жағдайларының бар-жоғын анықтау үшін байланыста болған тұрғындарды іздеуде.